Жаңалықтар

13.04.2017
Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне ауыл шаруашылығы дақылдарын гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар
20.03.2017
Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне тыңайтқыштардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар
7 нәтижелер 13
бiрiншiсi алдыңғысы 1-7 8-13 келесiсi соңғысы

24.02.2016

Жоба Орал қаласы бойынша 2016 жылға өсiмдiк  шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға  жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi  бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен  аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн  белгiлеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және            өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін.

2. «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары-мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (Е.Каримов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Сатыбалдиевке жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қала әкімі                                                                          А.Көлгінов

 

Орал қаласы бойынша 2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

 

Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері

І (бірінші) табиғи-климаттық аймақта егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімі

Көктем ерте түскен мезгілде

Көктем орта мезгілде түскенде

Көктем жәй түскен мезгілде

басталуы

аяқталуы

басталуы

аяқталуы

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық бидай

5 мамыр

25 мамыр

10 мамыр

25 мамыр

15 мамыр

25 мамыр

2

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек

15 тамыз

10 қыркүйек

15 тамыз

10 қыркүйек

3

Жаздық арпа

20 сәуір

5 мамыр

25 сәуір

5 мамыр

1 мамыр

10 мамыр

4

Сұлы

20 сәуір

5 мамыр

25 сәуір

5 мамыр

1 мамыр

10 мамыр

5

Тары

15 мамыр

25 мамыр

20 мамыр

25 мамыр

20 мамыр

30 мамыр

6

Күнбағыс

1 мамыр

15 мамыр

5 мамыр

15 мамыр

10 мамыр

20 мамыр

Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне тыңайтқыштардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен бекітілген Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекіліген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына сәйкес, «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ баспасөз бетіне жарияланған күннен бастап гербицид, биоагенттер және биопрепараттарға 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін, тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 5 наурызға дейін өтінім қабылданатынын хабарлайды.

Гербицид, биоагенттер және биопрепараттарға арналған субсидиялар:

1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында гербицид жеткізушіден гербицидтер сатып алған кезде шығындарын өтеу үшін;

2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізушіден сатып алған кезде шығындарын өтеу үшін төленеді;

Тыңайтқыштардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар:

1) ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші)-тоқсанда тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушiден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленеді;

Өтінімдер ауылшаруашылғы жер учаскесін пайдаланушылардың құжатымен қоса нақты бекітілген форма бойынша қабылданады.

«Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, қалалық ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Қосымша ақпаратты «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 182/1-үй, 0-қабат, 4-бөлме, тел.500977, (сағ. 900 - 630 дейін, түскі үзіліс 1300 - 1430 дейін) agro@www.uralsk.gov.kz. алуға болады.

             

    

                                Орал қаласының

ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы                            М. Батырғалиев

 

 

 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау бағдарламасына қатысуға Орал қаласының ауылшаруашылығытауарөндірушілерінен өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасыныңнегізінде,  2015 жылғы 20 шілде  № 3-1/671 бұйрығы толықтырулар мен өзгертулергесәйкес, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының негізінде, Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі субсидиялау бойынша өтінімдерді қабылдауды бастағанын хабарлайды.

Субсидиялауға жататын бағыттар:

1.  асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

- асыл тұқымды ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен, сондай-ақ бал араның ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу;

-өтініш

- выписка

- ИАС және ИСЖ тексеру құжаты

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу;

Қажетті құжаттар:

өтініш

- жануарларды сатып алу өткізу/лизингілеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесі

-жануарларды сатып алу өткізу шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмесі

- кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі

-жануарларды қабылдау тапсыру актісі

-асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық куәлігінің (сертификат) түпнұсқасы мен көшірмесі

- асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды пайдалану туралы келісім.

- сатып алынған жануарға  опись

- банктік анықтама

- асыл тұқымды қой, жылқы, шошқа, түйе, марал сатып алу;

- отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен ата-енелік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаны сатып алу;

- жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;

- жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара мала мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу;

Қажетті құжаттар:

- аналық мал басын қолдан ұрықтандыру келісім шарты түпнұсқа және көшірмесі

- анықтама – расчет

- банктен анықтама

- аналық мал басын қолдан ұрықтандыру актісі және тексеру нәтижесі актісі

 

-  асыл тұқымды орталықтар мен асыл тұқымды жануалардың ұрықтарын өткізу жөніндегі дистрибьютерлік орталықтардың (бұдан әрі -  дистрибьютерлік орталық ) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізуі үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтарын сатып алу;

2. мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға:

бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізу;

- сиыр етiн, жылқы етiн, қой етiн (қозы еті), түйе етін, шошқа етiн, құс етi және күрке тауық етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа), сүт, қымыз, шұбатты, биязы жүнді қойлардың жүнiн (бұдан әрi – биязы жүн) өндiру құнын арзандату.

- ірі, шырынды, құрама жемшөппен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату.

Қажетті құжаттар: өтініш, өнім өндіру жөніндегі статистикалық  есеп, банктік анықтама.

Қосымша ақпаратты «Орал қаласының ауыл шаруашылығы  бөлімі» ММ-нен, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 182/1, 0 қабат, № 4 каб., тел. 500977,agro@www.uralsk.gov.kzмекен-жайы бойынша алуға болады.