Есептілік

«Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар

Орал қаласының жер балансының барлық категориялары бойынша (егістік, жайылым, шабындық, бос жерлер, бау-бақша, көп жылдық екпе жерлер, басқа жерлер) 48955 га құрайды. Оның ішінде: егістік-23190 га, шабындық-2230 га, жайылым-9647 га, бақша дақылдары-194 га, бос жерлер-9221 га, көп жылдық екпелер-1000 га, басқалай жерлер-3473 га.

Орал қаласында 56 ауылшаруашылық субъектілері бар, оның ішінде 1-мемлекеттік мекеме (сорт сынау бойынша инспектура), 15-жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 33-шаруа қожалығы және 5-жеке кәсіпкерлер, 2-ауылшаруашылығы кооперативі.

2019 жылдың қаңтар-тамыз айындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2659,4 млн. теңгені құрап отыр, өткен жылдың сәйкес кезеңіне жалпы өнімнің нақты көлем индексі - 102,2%, соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша - 541,1 млн. теңге, нақты көлем индексі - 93,6%, мал шаруашылығы - 2110,5 млн.теңге, нақты көлем индексі -104,4%.

Облыс әкімдігі мен қала әкімдігі арасындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша Меморандумға сәйкес, 2019 жылғы ауылшаруашылығы дақылдарының барлық егіс алқабы жоспар бойынша 17795 га.

Көктемгі-далалық жұмыстарға 24 шаруа қожалығы қатысты. Ауылшаруашылығы тауарөндірушілерімен:

7590 га дәнді-дақылдар (соның ішінде жаздық бидай 4290 га, арпа 2810 га, тары 261 га, сұлы 174 га, ноқат 55 га.),

570 га майлы дақылдар,

311 га мал азықтық дақылдар (өткен жылғы көпжылдық мал азықтық дақылдар 7753 га),

2255 га картоп, көкөніс-бақша дақылдары егілді.

Барлық ауылшаруашылығы дақылдарының көлемі 18479 гектарды құрайды.

Сондай-ақ 2019 жылдың өніміне 2426 га күздік дақылдар себілді, оның ішінде 1844 га күздік бидай, 582 га күздік қара бидай себілген болатын. Алайда қолайсыз табиғат құбылысының әсерінен 1870 га егістік алқаптарының көлемі есептен шығарылды.

Күні бүгінге 8146 га дәнді дақылдар жиналып, 3,5 ц/га орташа өнімділікпен 2911 тонна өнім, 1100 га картоп 145 ц/га орташа өнімділікпен 15950 тонна өнім, 870 га көкөніс дақылдарынан 150 ц/га орташа өнімділікпен 13050 тонна, 105 га бақша дақылдарынан 110 ц/га орташа өнімділікпен 1155 тонна өнім жиналды.

Сондай-ақ 100 га майлы дақылдардан 3 ц/га орташа өнімділікпен 30 тонна өнім жиналды.

2019-2020 жылдың мал қыстағына қажетті мал азығын дайындау бойынша 2019 жылға жоспарланған 9,1 мың тонна шөп жиналып немесе 100% пайызды құрап отыр.

Ауылшаруашылығы тауарөндірушілеріне көктемгі-далалық жұмыстарға 410, күзгі далалық жұмыстарға 470 тонна жанар-жағар май бөлініп, «Батыс Арна» ЖШС оператор болып белгіленді.

Агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялау Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде ҚР АШМ тиісті бекітілген ережелеріне сәйкес жүргізіледі, 2019 жылғы күні бүгінге мал және өсімдік шаруашылығын субсидиялау бойынша жалпы соммасы барлығы 110,1 млн.тенге бөлінді. Соның ішінде:

- мал шаруашылығы өнімі бойынша «Орал құс фабрикасы» ЖШС-не 46,5 млн. дана жұмыртқаға жалпы соммасы 102,4 млн. теңге;

- асыл тұқымды мал шаруашылығына 5,1 млн. теңге

- тұқым шаруашылығын қолдауға 0,61 млн.тенге

-тыңайтқыштар құнын арзандатуға 2,015 млн.тенге субсидия бөлінді.

Орал қаласында тұрғындарды маусымаралық уақытта жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында 8 шаруа қожалықтарының жылыжай кешені жұмыс жасайды. Күні бүгінге жылыжайлардың жалпы аумағы 38108,7 шаршы метрді құрап отыр. Жылыжайлардың бірінші дақылайналым бойынша 32734,7 шаршы метрге көкөніс дақылдары отырғызылып, 147,9 тоннаға жуық өнім жиналды. Дайын өнімдер қала базарлары мен дүкендерінде сатылды.

Сондай-ақ, Зачаганск кенті маңынан «Орал жылыжай комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағы 55000 шаршы метр жылыжай кешенінің құрылысын жүргізуде, жобаның құны 6 млрд.тенге. Өндіріс қуаты, жылдық заттай көрінісі жылына 2,5 мың тоннадан аса. Бұл жылыжай кешені қазіргі заманғы технологияларды, гидропоника, жасанды жарықтандыру, ылғалдандыру, тамшылатып суаруды қолдана отырып салынады, өнім өсіру процесін тұрақты бақылау үшін барлық параметрлері компьютер арқылы интернетке қосылатын болады. Іске қосылу уақыты 2020 жылдың басына жоспарлануда.

«Шамшырақ» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі мал сою және ет өңдеу комбинатын құру мақсатында 2017 жылы Орал қаласы бойынша 20 жеке қосалқы шаруашылықтан тұратын ауыл шаруашылық кооперативі құрылды. Мал сою пунктісінің сыйымдылығы тәулігіне 10 тонна. Жоба құны 250 млн. теңге. Модульді мал сою цехы бар бордақылау алаңы. Мал сою цехының өнімділігі - тәулігіне 100 ірі қара және 1000 бас ұсақ қара мал. Бордақылау алаңы 100 ірі қара мал ұстауға арналған. Іске қосылу уақыты 2019 жылдың аяғына жоспарлануда.

Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мақсатында, күні бүгінге ауылшаруашылығы тауарөндірушілерінің мәліметтері minagro.kz сайтында орналастырылуда, электрондық алқап картасы бойынша егістік жер учаскелерін енгізу жұмыстары 25573 га немесе 113,2 пайызға, жайылымдардың жер учаскелерін енгізу жұмыстары 6407,3 га немесе 66,6 пайызға, шабындық жер учаскелерін енгізу жұмыстары 1862,5 га немесе 83,6 пайызға орындалып отыр.

Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасындағы деректердің болмауы, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі негізінде мемлекеттік жер актісінің көлеміне және ауданына сәйкес келмеуіне байланысты жер учаскелерін енгізу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр.

Бөліммен пайдаланылмай немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай жатқан жер учаскелеріне жыл басынан күні бүгінге дейін 12 тексеріс амалдары жүргізіліп (1559 га), 8 әкімшілік құқық бұзу туралы қаулы шығырылды (ескерту).

Тексеріс барысында пайдаланылмаған жер учаскелері анықталып (562 га), тексеріс қорытындысы бойынша жер учаскелерін алғаннан бері нысаналы мақсатта пайдаланбаған немесе мүлдем пайдаланбаған жер учаскелерін пайдаланушыларға бір жылға нұсқама берілді.

Қазіргі таңда қалған 12 тексеріс амалдары бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Сонымен қатар, өз еркімен («Табенов» ШҚ (240 га), «Табиғат» ЖШС (80 га)) ауыл шаруашылығы мақсатындағы 320 га жер учаскелері тапсырылы.

Бөліммен ағымдағы жылы күні бүгінге техника саласы бойынша - 566 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

- Техникаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және есептен шығару. (Техникалық құжат және мемлекеттік тіркеу нөмірлерін беру) - 263;

- Тракторист-машинист куәлігін беру (ауыстыру) - 115;

- Техникаларды техникалық байқаудан өткізу - 133;

- Машиналардың кепілін тіркеу және кепілін тіркеу туралы куәлік беру - 55.

Қала бойынша 3388 бірлік техника тіркелген. Ағымдағы жылдың 1-15 наурыз аралығында кенттік округтерде бекіліген тізімге сәйкес, техникалық байқаудан өткізу жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша бұл қызмет жыл бойына жүргізіледі. 463 бірлік техникалық байқаудан өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша күні бүгінге мерзімі асқан қызметтер жоқ.

Ауыл шаруашылық техника және техникалық құрылғыларды жақсарту және жаңарту мақсатында «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы қала бойынша лизингке 28 ауыл шаруашылық техника және техникалық құрылғылары алынды (167,8 млн.тг.).

Шаруа қожалықтарына өз өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау мақсатында ауылшаруашылығы тауарлары өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеге 90 қа жуық облыс аудандарының, сондай-ақ қала маңының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін саттыққа шығарып қатысты. Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге сауда орындары тегін берілді.

Барлық өткізілген 65 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша (соның ішінде 4 рет «Весы» жабық сауда үйінде, 15 рет Ықсанов көшесі бойында, 40 рет «Жәңгір хан» сауда үйі алдында, 6 рет «Ел-ырысы» көтерме-бөлшек сауда базарында) 10,6 тонна ет, 13,9 тонна балық, 339,2 тонна ауылшаруашылығы өнімдері, 377,8 мың дана жұмыртқа барлығы жалпы соммасы  45,6 млн.тенгеге сатылды.

2019 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің нақты көлем индексін-104,7% дейін, ауыл шаруашылығындағы инвестициялар көлемін 200000 мың тенгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Проблемалық мәселелер:

Жұмыс күшінің жетіспеуі,

Жайылым жерлерінің жетіспеуі.

 

Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2018 жылдың 1 жартыжылдығына атқарылған жұмыстар туралы анықтама

 

Орал қаласының жер балансының барлық категориялары бойынша (егістік, жайылым, шабындық, бос жерлер, бау-бақша, көп жылдық екпе жерлер, басқа жерлер) 48955 га құрайды. Оның ішінде: егістік-23190 га, шабындық-2230 га, жайылым-9647 га, бақша дақылдары-194 га, бос жерлер-9221 га, көп жылдық екпелер-1000 га, басқалай жерлер-3473 га.

Орал қаласында 56 ауылшаруашылық субъектілері бар, оның ішінде 1-мемлекеттік мекеме (сорт сынау бойынша инспектура), 13-жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 37-шаруа қожалығы және 3-жеке кәсіпкерлер, 2-ауылшаруашылығы кооперативі.

2018 жылдың қаңтар-маусым айындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1340 млн. теңгені құрап отыр, өткен жылдың сәйкес кезеңіне жалпы өнімнің нақты көлем индексі – 106,3%, соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша – 2,8 млн. теңге, нақты көлем индексі – 100%, мал шаруашылығы – 1333,4 млн.теңге,  нақты көлем индексі –106,4%.

Былтырғы жылы 2018 жылдың өніміне 1356 га күздік дақылдар егілді, соның ішінде күздік бидай 280 га, күздік қара бидай 1076 га.

Облыс әкімдігі мен қала әкімдігі арасындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша Меморандумға сәйкес, 2018 жылғы ауылшаруашылығы дақылдарының барлық егіс алқабы 18375 га құрайды, соның ішінде:

жаздық бидай 3100 га (жоспар бойынша 2000 га немесе 155,0%),

арпа 4182 га (жоспар бойынша 4000 га немесе 104,2%),

тары 176 га,

сұлы 313 га (жоспар бойынша 200 га немесе 156,5%),

ноқат 65 га,

майлы дақылдар 206 га;

біржылдық шөптер 288 га,

көпжылдық шөптер 195 га;

көкөніс-бақша дақылдары 2225 га егілді. (жоспар бойынша 2195 га немесе 104,4%)

өткен жылғы көп жылдық шөптер 7623 га.

Шаруа қожалықтарымен 7,5 тонна аммиак селитрасы және 24 тонна аммофос минералдық тыңайтқыштарын жеткізушілермен келісім шартқа отыру, төлем жұмыстары жүргізілді.

Көктемгі-далалық жұмыстарға (сәуір-мамыр) ауылшаруашылығы тауарөндірушілеріне 410 тонна жанар-жағар май бөлініп, «Батыс Арна» ЖШС оператор болып белгіленді.

Агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялау Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде ҚР АШМ тиісті бекітілген ережелеріне сәйкес жүргізілуде, күні бүгінгі кезеңіне жалпы соммасы барлығы 105,2 млн.тенге субсидия төленді.

Соның ішінде мал шаруашылығын субсидиялау бойынша барлығы 80,5 млн.тенге:

- мал шаруашылығы өнімі бойынша «Орал құс фабрикасы» ЖШС-не 32,4 млн. дана жұмыртқаға жалпы соммасы 71,4 млн. теңге;

- асыл тұқымды мал шаруашылығына 9,0 млн. теңге субсидия төленді.

Өсімдік шаруашылығы бойынша 24,6 млн.тенге:

- тыңайтқыштар құны 1,77 млн. теңге,

- тұқым шаруашылығы бойынша 12,6 млн. теңге,

- майлы дақылдарға 0,67 млн. тенге,

-жылыжай шаруашылығының 1 дақылайналымына 9,61 млн.тенге субсидия бөлінді.

Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мақсатында, күні бүгінге ауылшаруашылығы тауарөндірушілерінің мәліметтері minagro.kz сайтында орналастырылып, электрондық алқап картасы мен  жер учаскелерін енгізу жұмыстары 102,6 пайызға орындалып отыр.

Орал қаласында тұрғындарды маусымаралық уақытта жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында 9 шаруа қожалықтарының жылыжай кешені жұмыс жасайды. 2017 жылдың басында 17500 шаршы метр, 2018 жылы 1388,9 шаршы метр жылыжайлар іске қосылды. Күні бүгінге жылыжайлардың жалпы аумағы 31575,6 шаршы метрді құрап отыр. Жылыжайлардың бірінші дақылайналым бойынша 23865 шаршы метрге көкөніс дақылдары отырғызылып, 118 тоннаға жуық өнім жиналды. Дайын өнімдер қала базарлары мен дүкендерінде сатылды. «Клад» шаруа қожалығы қосымша 6850 шармы метр болатын жылыжай кешенінің құрылысын жүргізуде.

Сондай-ақ, Зачаганск кенті маңынан «Орал жылыжай комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағы 55000 шаршы метр жылыжай кешенінің құрылысын жүргізуде, жобаның құны 5,5 млрд.тенгеден аса.

Бөліммен 1 жартыжылдыққа техника саласы бойынша – 528  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

- Техникаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және есептен шығару. (Техникалық құжат және мемлекеттік тіркеу нөмірлерін беру) - 168;

- Тракторист-машинист куәлігін беру (ауыстыру) - 107;

- Техникаларды техникалық байқаудан өткізу - 95;

- Машиналардың кепілін тіркеу және кепілін тіркеу туралы куәлік беру - 39.

-Техникаларға ауыртпалықтың бар-жоғы туралы анықтамалыр беру - 119.

Қала бойынша 3265 бірлік техника тіркелген. Ағымдағы жылдың 12-29 наурыз аралығында кенттік округтерде бекіліген графикке сәйкес, техникалық байқаудан өткізу жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша бұл қызмет жыл бойына жүргізіледі. 2018 жылдың 1 жартыжылдығына 407 бірлік техникалық байқаудан өткізілді. (2017 жылдың 1 жартыжылдығында 355 бірлік техника). Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша күні бүгінге мерзімі асқан қызметтер жоқ.

Шаруа қожалықтарына өз өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау мақсатында Орал қаласында Ықсанов көшесінің бойында 2018 жылдың 3 наурызынан 28 сәуірі аралығында ауылшаруашылығы тауарлары өнімдерінің жәрмеңкесі оздырылды. Аталған жәрмеңкеге 50 қа жуық облыстың, сондай-ақ қала маңының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін саттыққа шығарып қатысты. Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге сауда орындары тегін берілді.

Барлығы 8 жәрмеңке өткізілді. Күні бүгінге өткізілген барлық жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 168,5 тонна ауылшаруашылығы өнімдері, 72 тонна ет және 19 тонна балық, 126 мың дана жұмыртқа барлығы жалпы соммасы 127,0 млн. тенгеге сатылды.